Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты ақпарат сағатын өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы, «Понарама» ақпараттық орталығының директоры Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы және №43 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана ұжымы қатысты.
Берік Дүйсенбайұлы департамент қызметінің басым бағыттарына тоқталып, оқырмандарды қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстары жайында хабардар етіп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бауыржан Жолдасбекұлы сыбайлас жемқорлық туралы өз ойын ортаға салып, оқырмандарға сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдарын толық түсіндірді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, жемқорлық, сыбайлас жемқорлық ұғымдары мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы бойынша ақпарат берді. Іс-шара қатысушыларына сыбайлас жемқорлықтың қоғамның қатерлі дерті екені аталып, жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар талқыланды. Ақпарат сағатына байланысты «Жемқорлық – жегі құрт» атты кітап көрмесі безендіріліп, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/888-sybajlas-zhem-orly-o-amny-zekti-m-selesi-a-paratty-sa-at.html#sigProGalleria72261ae4dd