Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1225042
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2011
367
4796
4582
20814
1180677
1225042
Ваш IP: 18.188.93.255
Время на сервере: 27-04-2025 14:41:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық валюта күніне орай №13 мектеп оқушыларымен «Тәуелсіздік символы – ұлттық валюта» атты танымдық ойыны және № 33 мектеп оқушыларымен «Ұлттық теңге мақтанышымыз» викторина өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты: балаларды ұлттық валюта - теңгенің шығу, қалыптасу тарихымен таныстыру. Жастарды патриоттық рухқа, өз мемлекетіне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу. 

 

Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі – ұлттық валюта.

Кітапханашы іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихын баяндап, оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды. ҚР Ұлттық валютасы айналысқа енгені слайд көрсетілімімен жалғасты. Алғашқы қағаз купюралар, ақшалар, кейінгі шыққан банкноттар көрсетілді. Қатысушылар ұлттық валютамыздың сол кездегі сыртқы өзгерістеріне назар аударып, қазіргі ақшалардың белгілерімен салыстырды. Оқушылардың арасында викториналық ойын ойнатылды. Шара соңында «Ұлттық теңге - мақтанышымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/861-t-uelsizdik-simvoly-ltty-valyuta.html#sigProGalleria83658ff157
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz