Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1145000
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
304
408
712
7078
15085
1119190
1145000
Ваш IP: 18.224.59.107
Время на сервере: 26-11-2024 20:30:33

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

2016 жылдың 28 қазанында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» айдарымен «Кітап әлемінің сиқырлы түні» квест шоуы өтті.

 

Квест шоу Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Д.Д.Бықыбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы «Кітапхана әнұранымен» ұласты.

Кітапхана түніне №43, 34, 16, 37, 33, 49, 42, 12, 37, 26 қала мектептерімен Байзақ, Жуалы аудандарының оқушылары (барлығы 200 оқушы) қатысты. Кітапхана әлемінің сиқырлы түніне келген оқырмандар «Сыр сандық» интеллектуалды ойынына қатысып, білімдерін шыңдап, «Тәуелсіз Қазақстанның балалары біз боламыз» атты тапқырлар мен көңілділер ойынын қызықтап, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында ой-өрістерін кеңейтсе, сән сүйер оқырмандар «Сұлулық сыры» сән үлгісін тамашалады, жас ақын айтыскерлер «Тәуелсіздік – арымдай аңсар әнім» айдарлы айтысын ұйымдастырды. Айтысқа төреші ретінде «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы, сән үлгілеріне баға беруге Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкерлері Ж.Құттыбаева, Ш.Сабекова қатысты. «Тәуелсіз Қазақстанның балалары біз боламыз» атты тапқырлар мен көңілділер ойынына төреші болып «Жайдарман» КВН лигасының әкімдігінен Темірхан Бекзат пен Алайдаров Жамбыл шақырылды.

Интеллектуалды ойынға қатысушылар ұтып алған ой теңгелерін буфетте тәттілерге айырбастады. Ал жоғарыда аталған мерекелік шараларға қатысушылардың барлығы арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қамтамассыздандыру мақсатында кезекшілікке полиция және жедел жәрдем қызметкерлері қойылды. Іс-шара соңында барлық оқушылар арнайы дайындалған көлікпен үйлеріне жеткізілді.

Аталған іс-шараны БАҚ арқылы насихаттау үшін «Ақ жол», «Знамя труда», «Жамбыл-Тараз», Ар-Ай» газеттерінің тілшілері мен «77» телеарнасының операторлары қатысты.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz