детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024861
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
23
428
1040
1593
451
1010257
1024861
Ваш IP: 3.145.93.210
Время на сервере: 02-05-2024 02:55:10

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен 2016 жылдың 6 қазан күні «Көне Тараз» кешенінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым, қазақ хандығы-ғұмырым !» атты мәдени-көпшілік  іс-шара аясында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Оқимыз-демаламыз!» атты библио-керуенін  өткізді.

 

         Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ән – күй шертіліп, өлең шумақтарын оқып, драмалық көріністер қойылды.

                Аталмыш іс-шараға қаладағы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының» сурет үйірмесінің балалары  мольбертке бояумен тарихи суреттер салып өз өнерлерін көрсетті , № 49 мектептің тұрақты оқырмандарынан құралған «Замандас» драма үйірмесі Ақсақ Темір, «Өлімді жеңген ана» атты көріністерін қойды, Керімбай атындағы № 12 мектеп гимназиясы, № 16 мектеп, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз «Болашақ» колледж білімгерлері, № 15 балабақша тәрбиеленушілері және «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен»  мүмкіндігі шектеулі балалар да  өз өнерлерін көрсетті.

         Ашық аспан астындағы абонементте қала тұрғындарына кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі арқылы қызмет көрсетті. «Шебер қолдар әлемі» үйірмесінің жетекшісі шеберлік сыныптарын өткізді.    

         Іс-шараға қала тұрғындары, балалар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру