Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен шілде айының 21 жұлдызында «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының валеолог-дәрігері Қыдырбек Қарашаш Байқадамқызы және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында нашақорлықтың алдын алу, денсаулық, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының тиімді жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу төңірегінде сөз қозғалды. Осы тақырып аясында бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Әңгіме барасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан келген дәрігер есірткіге қарсы облысымыздағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай жапсарын баяндап берді. Аталмыш жиын соңында кітап көрмесіне ақпараттық шолу жасалынып, нәтежиесі қорытындыланды.Ақпараттық сағат бес кезеңді қамтыды:
*Нашақорлықтың шығу тарихы,
*Есірткі зияны жайлы кітаптар
*Наша түбі тұңғиық туралы бүктеме
*ОӘҚ СӨС бойынша парақша
*Басылымдардағы мақалар есірткі жайлы