Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1227273
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2019
2223
7027
4582
23045
1180677
1227273
Ваш IP: 18.216.232.138
Время на сервере: 28-04-2025 10:48:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысына арнап Жамбыл облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Абайды тану мұрат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Мұнда Абайдың мақалалары мен зерттеулері, шығармалары, (Абай қалың елім қазағым... Өлеңдер.-Алматы: Атамұра, 2002.-224 бет., Абай. Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ (өлеңдер, аудармалар, қара сөздер) /Алматы,”Білім”, 2013.-320бет, Абай Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер.-Аламты: Раритет, 2008.-384 бет. және тағы да басқа шығармалары ұсынылды.

Абай қазақтарға ойлау мен танымның жаңа жүйесін ұсынды. Ол қазақ даласында алғаш рет ағартушылық пен білімді өмірлік ұстаным деңгейіне көтерді. Ақын өзінің «Қара сөзінде» жас ұрпаққа: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деп өсиет қалдырған. Абайдың рухани мұрасы осы көрмеде жинақталған. Абай өзінің өсиетінде не туралы жазса да, не туралы ойласа да өз халқын беріле сүйген және оның тағдырына алаңдайтын ұлы кемеңгер бейнесін көреміз.

 

 

  

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz