Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1145127
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
94
337
839
7078
15212
1119190
1145127
Ваш IP: 18.223.213.76
Время на сервере: 27-11-2024 08:47:54

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетованың ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заңым – ардағым» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: еліміздің қабылданған Ата заңының өмірлік қажеттілігін ұғындыру, заңды өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық сауаттылығын жетілдіру, патриоттылыққа тәрбиелеу.

Кітапханашы Қазақстан азаматтарының оқып білім алуына, ұрпақ өсіріп, азат елде ешқандай кемсітушіліксіз еркін өмір сүруіне негіз болған 30-тамыз Конституция күнімен барша оқырмандарды құттықтады. Заңның негізінде ел тыныштығы сақталып, халықтың ынтымағы артып отырғанын сөз етті. Ата заң жайлы айтылар сөз, қозғалар ой көп екенін жыл сайынғы өзінің төл мерекесінде тереңірек білсек артық болмайтыны белгілі. Сөз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің коммисиясының төрағасы - М.Ж Тоқсанбаев баяндама оқыса, облысымыздың ақыны, «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы Ата Заңымыздың мерей тойына шығарған өлеңін оқырмандарға арнап оқып берді. Сондай-ақ адамгершілік, достық, отаншылдық, патриоттық имандылық тақырыптарына арналып жазылған жыр-өлеңдарі мен ауыл өмірін әсерлі суреттеген, қысқа тұжырыммен берілген ой-толғаныстары қаз-қалпында жазылған деректі әңгімелері Тараз қаласының «Фармат-Принт» баспасынан «Шөбере», «Шындық» атты кітаптары жалпы оқырман қауымға арналып жарыққа шыққаны туралы қысқашы айтып автор кітапхана директоры Мейрамкүл Елеукенқызы басқарып отырған кітапхананың кітап қорына тарту етті. Кеш соңында оқырман Қалабаева Айлара кеш барша қауымды оқырмандар атынан Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, кеш қонақтарына алғысын білдірді. Кітапхана қызметкерлері «Ата Заңым – алтын қазынам» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz