«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу мақсатында ұлттық мереке отбасы күніне орай оқу залы тұрақты оқырман ата-аналар арасында «Әке-ер, ана-жігер, бір үйде екі кемеңгер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кітапханашы ата-аналарға «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызып,
- «отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз;
- отбасы негізі неде деп ойлайсыз;
- отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз;
- ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек;
- баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
- деген сияқты көптеген сұрақтарды ортаға салып, психологтың кеңесіне жүгіне отырып,отбасындағы тәлім-тәрбие туралы ата-аналар өз ойлары мен кеңестерін ортаға салды. Сондай-ақ, кітапханашылар ата-аналармен шаттық шеңберін құрды. Кеш барысында ата-аналар еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде әр азаматтың орны ерекше екенін ашуға тырысып, сонымен бірге жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртетін отбасы екендігін әрқайсысы қолдап, өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара соңында кітапханашы оқырмандарды «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесімен таныстырды.