Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Оқу залы секторының ұйымдастырумен 2015 жылдың 18 - ші мамырында № 13 орта мектебінің қабырғасында 7 - сынып оқушыларының қатысуымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Азаттық таңын аңсаған алаш арыстары» тақырыбында арт-час өтті.
Өткен XX ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Қазіргі тәуелсіз уақытта өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау - әрбір ұрпақтың парызы. Осыны ескере отырып кітапханашы тарих беттерін парақшалап, саяси қуғын- сүргін құрбаны болған біртуар қазақ зиялылары туралы айтып қана қоймай «Қазақ қасіреті» бейне ролигін ұсынды. Ал оқырмандар іс-шараға өз белсенділіктерін танытып, саяси қуғын-сүргін кұрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, «Боздақтар монологін» оқып, «Бүгінде еңсемізді көтеріп Егеменді ел болдық!» деген күшті рухпен «Менің Қазақстаным» әнін орындады. Кітапханашы оқырмандарды «Зобалаң жылдар жарасы» атты кітап көрмесімен таныстырды.