Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1557852
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
462
2293
3687
12310
11249
1519181
1557852
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 07-10-2026 04:50:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен 2015 жылдың 8 - ші мамырында № 13 орта мектебінің қабырғасында 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлік – елдің қасиеті» атты тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.

Кітапханашы Онғарбаева Анар оқушыларға Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосқаны туралы айтып өтті. Біздің елімізде тұратын азаматтардың өмірінде бұл күннің маңыздылығы туралы, фашистермен күресе жүріп қаншама адамдардың қаза тапқаны жөнінде және де біздер жауынгерлердің жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтауымыз керектігі туралы баяндады. Жыл сайын 9 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, қаза тапқандарды құрметпен еске аламыз.

Бүгінгі жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің соғыста көрсеткен өшпес ерен ерліктері мен соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбектері жайлы айтып өтті. Ердің ерлігі ұмытылмайтын, сәт сайын жаңғырып отыратының жаңа ұрпақтың жарқын дауысы арқылы ұқтырды. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағы аға ұрпақтың даңқты ерлігін, бейбіт заманда жалғастыруы тиіс. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 500-ден астам қазақстандық жауынгер, оның ішінде 100-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атақпен марапатталды. Олар: Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова және басқа да батырларымызды ерекше мақтанышпен айта аламыз.  Балалар соғыс туралы тақпақтарды, өлеңдерді айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: