18 наурыз күні № 13 орта мектебінің оқушыларымен 22 наурыз мейрамына орай «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында әдеби монтаж өткізілді. Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен және көктем мезгілін тамаша ғажайыптарымен таныстырып, наурыз мерекесінде оқылатын өлең, тақпақтар оқылды. Ұлтымыздың ата - бабамыздан келе жатқан дәстүрі наурыз көже туралы түсінік беру. Осы тақырып арқылы ұлттық мерекемізге деген бала құштарлығын ояту, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.
Кітапханашы балаларға Наурыз – жыл басы деп түсінік беріп, қазақ елі наурызды қалай қарсы алатыны жөнінде және Ұлыстың ұлы күнін халықаралық деңгейде басқа да елдердің қалай тойланатыны туралы сөз қозғады. Наурыздың тарихын ашып, меркеде көрсетілетін қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік берді. Осы күні дайындалатын ерекше тағам түрі – наурыз көжеге тоқталып, ол тағам жеті түрлі дәмнен дайындалатыны туралы айтылды. «Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді» деп бекерге айтпаған. Оқушылар наурыз туралы жырлаған ақындардың жыр шумақтарын оқыды, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Кітапханшы оқушыларға наурыз туралы слайд көрсетіп, кітап көрмесіне шолу жасады.