5 наурыз күні 2014 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмір, ана жыр» тақырыбында музыкалық кеш өткізілді. Кештің мақсаты: балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған балаларды тәрбиелеу.
Кітапханашы барша қонақтарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Балалар барлық қыздарға, аналар мен әжелерге арнап тақпақтар айтты, әндерін шырқады, сыйлықтарды тарту етті. «Жас талант» драма үйірмесінің қатысушылары қонақтарға музыкалық номерлерін: билерін, әндерін сыйлады. Мереке тамаша өтті.