Жұмабек Тәшенов – Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдардың бірі. Кеңестік партия және қоғам қайраткері. Ол республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығының сақталуында зор қайрат танытты.
Жұмабек Тәшеновтың өмірбаянына мәлімет беру, туған халқының, ұлт тілінің тағдырына араша түсіп, кемелділік танытып, өзінің нарлығын да, арлылығын да көрсеткен ардагер ағаның өмір жолын, еңбектерін болашақ ұрпаққа насихаттау; патриоттық сезімдерін ояту мақсатында 2015 жылдың 2 наурыз күні Бүлдіршіндер секторында Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көрнекті мемлекеттік қайраткері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың материалдары көрсетілген, өмірбаяны мен атқарған қоғамдық қызметі жайлы, сонымен қатар отбасының фотосуреттері қойылды.