Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 49 орта мектептің 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » атты ауызша журнал өткізілді. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.
Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабысқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. «Қазақ даласының сұңқары» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.