Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру мен тіл туралы кітаптарды насихаттау мақсатында 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай оқу залы №13 мектептің 5 сынып оқушыларымен "Тілім менің - ғасырлардан аманат" атты жұлдызды қазына өткізді.
Кітапханашы ана тілі яғни қазақ тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы екендігі жөнінде айтып, сондай-ақ тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болғандығы туралы айтып, енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту өскелең ұрпақтың міндеті екеніне тоқталды. Оқушылар "Тіл - тірегім " тақырыбында өлең оқып, «Бабалардан қалған асыл сөз» айдарында қазақтың тіл байлығының бай қазынасын ары қарай ашып көрсететін мақал-мәтелдермен сайысты. Сонымен қатар тіл туралы жазылған өлеңдердің авторын тауып, жұмбақтар шешті. «Тіл - көңілдің кілті» кітап көрмесіне шолу жасалынды.