Балаларға адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 9 ақпан күні 2015 жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастырумен № 13 орта мектебінің қабырғасында 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Ұлы Жеңістің 70 жыл толуына орай «Біз Жеңістің ұрпағымыз!» тақырыбында арналған әдеби-десант өткізілді.
Кітапханашы Онғарбаева Анар оқушыларға тарих кеші үнемі жаңаланып отыратынын, десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар екендігін слайд арқылы еске түсірді. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің біздің қазақ батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігі туралы тарихта кеңінен әңгіме қозғады. Батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Ағәділ Сухамбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, және де тағыда көптеген батырлардың қысқаша өмірбаяндары айтылып, майдан алаңынан суреттер көрмесі ұсынылды. Батырларды ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Олар туралы өлеңдер айтылып, тақпақтар оқылды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің, адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш соңында Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өреңім» атты өлеңін оқумен аяқталды.