Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1145228
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
195
337
940
7078
15313
1119190
1145228
Ваш IP: 3.133.146.94
Время на сервере: 27-11-2024 18:29:10

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының

«Мен өлкемді зерттеймін!» III-жеткіншектер байқауы

 Қазақ даласының көгінде мәңгі өшпес, жарық жұлдыздар туралы мәлімет жинақтау,  бүкіл саналы ғұмыры мен күш-қуатын, өзінің қара басының қамын емес, ұлттың қамын ойлаған ұлылар мен алыптардың атағына лайық болған біртуар тұлғаларды әр қазақ бағалап, біліп жүруі үшін, қай салада қызмет еткеніне қарамастан ұлтқа жанашыр болған, елге бас болған, ұлттың жарқын болашағын жасауға өлшеусіз үлес қосқан дара тұлғаларды ұлықтау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қаламыздың барлық мектептерінің оқушыларының қатысуымен дәстүрге айналған «Мен өлкемді зерттеймін!» III жас жеткіншектердің шығармашылық  байқауы ұйымдастырылды.

 Байқаудың тақырыбы: «Туған өлке мақтаныштары» яғни Жамбыл облысының 75 жылдық мерей тойына орай өткізілді.

Шараны Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы ашып, екі мың жылдан астам тарихы бар өңіріміздің Ұлы тұлғаларымыз ат басын бұрған, талай қаламгерлердің шығармасы жазылған, талай батырлардың ізі қалған туған еліміздің еңсесі биіктетуіміз керек және де жыл сайын жалғасын табады деген тілекпен жас зерттеушілерге сәттлік тіледі.

Байқау барысында жас зертеушілеріміз бір туар тұлғаларымыз Асанбай Асқаров, Бауыржан Момышұлы, Ғазиз Байтас, Шерхан Мұртаза, Байзақ Датқа, Көшек батыр бабаларымыздың өмір жолдарын, шығармаларын, ерен еңбектерін өздерінің білімдерін шыңдау барысында тыңдармандарға жеткізе білді.

№11 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ардаққызы Алинаның  тақырыбы «Жамбыл өңірінің ұлы перзенті Байзақ Датқа».Алина өзінің зертеу жұмысының барысында Байзақ батыр көшесінің тұрғындарымен кездесіп Байзақ батыр туралы мәліметтер сұрастырып, бейнероллик арқылы ғылыми жобасында толықтай ашып көрсетті. Ғылыми жобада Байзақ Мәмбетұлының тарихы, елі үшін жасаған қызметі, ерлігі ғылыми тұрғыда талданып, ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы алатын орны мен ерекшелігіне орасан мән берілген.. Сондай-ақ Алина өзінің жобасының соңында Байзақ Датқа жайлы мектеп оқулығына енгізу туралы ұсыныс жасап, одан әрі қарай да ізденісін жалғастыратынын , әрбір жеке тұлға өзінің туған өлке тарихын білудің қаншалықты маңызды екенің жеткізе білді. 

№54 орта мектебінің «10» а сынып оқушысы Тайсенгир Гүльмираның тақырыбы «Асанбай Асқаров». Гулмира өзі туратын көшенің аты А. Асқаров екенін ескере отырып,ғылыми жұмысында белгілі мәліметтер мен мұрағаттық деректерді негізге ала отырып, Асанбай Асқаровтың өмірінің барлық кезеңдерін қамтып, қайраткердің қоғамдық – саяси қызметі мен шығармашылық мұрасы туралы жан-жақты зерттеу жүргізген.

№34 мектеп «8» ә сынып оқушысы Тұрғынбекова Айсанамның тақырыбы «Ғазиз Байтасов». Облысымызда орын алған келеңсіз жағдайдың, яғни терроризм және экстремизм салдарынан қаза болған Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерен еңбегін, сондай-ақ Ішкі істер басқармасында қызметтес болған әріптестерімен кездесіп толықтай мәліметтер жинақтаған. Сонымен қатар Айсанам оқыс оқиға туралы тусірілген бейнефильмді көрсете отырып, кезең-кезеңге бөліп, түсінікті етіп өз ойын ашық және дұрыс қорытындылай білді. Алға қойған міндетін, мақсатын көрсете білді.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы сөз кезегінде «Мен өлкемді зерттеймін» III жас жеткіншектердің шығармашылық  байқау үміткерлеріне шығармашылық табыс тілей отырып,  кітапханамыздың дәстүріне айналған бүгінгі байқаудағы жас зерттеушілеріміздің көтерген мәселелерін аяқсыз қалдырмай тиісті орындарға жіберілетіндігін  атап айтты. Сарапшылар тарихи деректермен танысып, жүйелі түрде қорытып  салыстырмалы түрде талдаулар жүргізді. Сарапшылар  алқасы қатысқан барлық жас зерттеушілерді тандап, өздерінің оң бағасын берді. Бас жүлдені №11 орта мектебінің 10асынып оқушысы Ардаққызы Алина қанжығасына байлады.  Бірінші орын иесі:  №54 мектеп «10» а сынып оқушысы Тайсенгир Гүльмира Жақсыбайқызы марапатталды. II орын иесі: №34 мектеп «8»ә сынып оқушысы Тұрғынбекова Айсанам марапатталды. III  орын иелері: №12 мектеп «6» г сынып оқушысы  Дүйсенова Ақерке және №26 мектеп «9» а сынып оқушысыАсқарбекұлы Аят  марапатталды. Номинация бойынша 4 оқушы марапатталды; олар «Үздік зерттеуші» номинациясы бойынша №35 мектеп «8» г сынып оқушысы Таласбек Дана марапатталса,«Жас зерттеуші» номинациясы бойынша №26 мектеп «8» а сынып оқушысы Мұхтар Алтынай, ал«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша №38 мектеп «10» а сынып оқушысы Әбдіқапар Жазира марапатталды.  «Үздік презентациясы үшін» номинациясымен №22 мектеп «10» а сынып оқушысы Бессмертная Анна марапатталды. Ал қалған жас зерттеушілеріміз «Мақтау қағаздарымен» марапаталып, жоба жетекшілеріне «Алғыс хат» ұсынылды. 

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz