Шәкен Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау, оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау. Рухты өнері және биік азаматтық иесі атанған, аса көрнекті өнер адамдарына деген ізет-ілтипатты, бауырмалдығымен өнер қауымының да, халқының да сүйіспеншілігін ұғындыру. Оның жарқын ғұмыры халқына, өнерге қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін өнерін оқырмандарға таныстыру мақсатында 17 қарашада 2014 жылы № 13 орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушыларымен қазақтың әйгілі актері, режиссер, ҚСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ өнерінің жұлдызы» тақырыбында арналған әңгіме шолу өткізілді.
Қазақ киносының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға Шәкен Аймановтың туғанына биыл 100 жыл. Өзінің қысқа ғана ғұмырында тек «Қазақфильм» киностудиясын құрып қоймай, жалпы қазақ киносының іргетасын қалаған дарын. Ол – қазақ өнерінің ақ кемесі. Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына үлкен үлесін қосты. Жалпы, театр - өнердің ең өткінші түрі деп есептеледі. Шәкен Аймановтың театр сахнасында ойнаған рөлдері мен оның көзін көрген жандар жыл өткен сайын азайып барады. Кітапханашы оқушыларға электрондық презентация арқылы өмірін, оның жарқын ғұмырлы бейнесі, өнерге қалтқысыз қызмет еткендігі туралы танысып, тамашалады. Іс-шараның соңында Ш.Айманов түскен фильмдерден үзінді көрсетілді. «Қазақ өнерінің жұлдызы» тақырыбында көрмесіне шолу жасалды.