«Экоград» клубының кезекті отырысы өтті. Экологиялық практикумның тақырыбы «Зеленая аптека» атты дәрілік өсімдіктер әлеміне арналады. Адам өсімдіктер әлемінде өмір сүреді. Әрбір өсімдік адамға өз көмегін тигізіп, шипалы болуы мүмкін. Экопрактикумның жүргізілу барысына өз үлестерін қосып сөз сөйлегендердің бірі ғалымдар, тарихшы, эколог, фармацевт, ботаниктер болды.
Олар ғажайып шипалы шөптер әлемі жайында айтты. Гербарилер арқылы қатысушылар өсімдіктердің атауын тауып, олардың емдік қасиеттері жайында білгендерін ортаға салды. Жүргізуші өсімдіктерге қатысты аңыздар айтса, жас зерттеушілер қай өсімдік жайында айтылып жатқаның тауып отырды. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға да қатысушылар белсенділік танытып жауап берді. Отырыстың соңында экологтың кеңестері мен дәрілік өсімдіктер жайында жазылған парақшалар таратылды.