20 қазан 2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында № 13 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушыларымен көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесі бойынша дауыстап оқу өткізілді. Акцияның мақсаты: «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы мәлімет беру. Оқырмандарға жазушы С.Мұратбековтің өмірінен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, оқырмандардың ой-өрістерін, ақыл-ойларын, тіл-байлықтарын дамыту, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
Бұл әңгімеде балаларға Қазақстанда дәстүрлі Республикалы «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханашылар ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы туралы, оның қазақ әдебиетін танымал етудегі, тарихи-мәдени және рухани мұраларымызды дәріптеп, жас ұрпақты адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңыздылығын әңгімеледі. Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отан сүйгіштікке, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітапты оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылып, ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Биылғы жыл кітабы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесіне толығырақ тоқталып, оның мазмұнын әңгімелеп берді. «Жусан иісі» повесін оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдіргендігі туралы әңгіме қозғалды. Кітапханашы оқырмандар назарына жазушының өмір жолы туралы слайд ұсынды, кітап көрмесіне шолу жасай отырып, балаларды С.Мұратбековтың басқа да кітаптарын оқуға шақырды.