Кітап оқуды насихаттау және көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының басты мақсаттарының бірі болғандақтан әрдайым кітапсүйер қауыммен және әртүрлі жастағы
оқырмандармен жұмыс істеу барысында жаңаша қарым-қатынас жасап, жаңа үлгідегі мәдени шаралар ұйымдастырылып отырады.
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітапханадағы жаңа толқын» тақырыбы аясында Жамбыл облысының 75 жылдық мерекесіне орай «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» тақырыбында апталық әлеуметтік-мәдени акциясын ұйымдастырып, өткізілді.
Екінші мәрте өткізіліп отырған акцияның басты мақсаты да айқын - оқырман қауымды кітап оқуға шақыру, кітапхана ісін дамыту, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнату, оқуға деген қызығушылықты оятып, кітапханаға жаңа оқырман тарту, кітапхананы танымалдандыру.
Апталық 7 алаңнан тұрды. Әр алаң баннерлермен, көрмелермен, шарлар мен жалаушалармен безендірілді.
Апта 27 қазанда Бауыржан Момышұлы мен Бәйдібек бабамыздың ескерткіші жанындағы іс-шаралармен басталды. Іс-шараға № 12 және № 13 мектеп оқушылары қатысты. Бәйдібек ескерткішінің жанында «Қазақ даласының ардақты ұлы» тақырыбында Storisеk /тарих қапшығы/ іс-шара түрінде өтті. Балалар қапшықтың ішінен алған сұрақтарға жауап берді және облысымызға белгілі азаматтар мен тарихи жерлердің суреттерінің қиындылары бойынша құрастырып, олар өз өлкелері туралы білімдерімен жарысты. Қазақ драма театр жанындағы Б.Момышұлы ескерткішінің жанында «Ұлтын сүйген ұлы адам» тақырыбында Open-air /ашық аспан астында – под открытом небом/ түрінде өтті. Бұл жерде Момышұлының өмірі мен артына қалдырған мол мұралары туралы айтылды. Сонымен қатар облысымыздың соғыс кезіндегі кезеңі туралы викториналық сұрақтар, жұмбақтар арқылы оқырмандардың ой өрістерін кеңейтті.
28 қазан күні Төле би мен Қайрат Рысқұлбековке арналды. Төле би ескерткішінің жанында «Даналықтың кілті» тақырыбында әдеби микс іс-шарасы өтті. Ескерткіш алаңдарында № 12, 35, 33, 8, 16 мектеп оқушылары қатысты. № 8 мектеп оқушылары Айтеке би, Төле би, Қазыбек би болып киініп сахналық көріністер көрсетсе, №16 мектеп-гимназиясының оқушылары Асқарқызы Таңшолпан мен Айшолпан «Таразым» атты өлең шумақтары мен жыр шашты. Сонымен қатар арнайы дайындалған облыс, Төле би туралы сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар алды. Қ.Рысқұлбеков ескерткішінің алдында «Желтоқсанда үзілген жауһазын» тақырыбында әдеби буриме іс-шара өтті. 1986 жылдағы уақиға туралы біраз мәліметтер ала отырып оқушылар Қ.Рысқұлбеков, Жамбыл облысы туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқандарға сыйлықтар берілді. №12 мектептің оқушысы Алгабасов Рауан жыр шумақтарын оқыды. Сонымен қатар қатысушылардың өз өлкелері туралы білімдерін тексеру және мәлімет алу мақсатында байқау ұйымдастырылды. Өлке туралы жақсы білетінін ТарМУ студенті Шопшекбаев Азамат белсенділік таныты. Әдеби буриме арқылы оқырмандардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін байқадық. Импровизация жеңімпаздары болып мектеп оқушылары Аширхан Аружан мен Адилова Акбаян атанды.
29 қазан күні оқырмандар Хайдар Дулати ескерткішінің алдында жиналып тарихи лабиринт іс-шарасына қатысты. Қаламыздың жас тұрғындары – мектеп оқушылары облыс, Х.Дулати туралы викториналық сұрақтарға жауап берді, крассворд, ребустар шешіп, кластерлер құрастырды. Іс-шара соңында кітапханашылар мен Х.Дулати атындағы ТарМУ музейінің қызметкерлерімен бірлесе отырып осы музейді аралады, музей директоры Қалиева Бахыткүль қызықты экскурсия жасады.
30 қазан күні «Сен қалаңды білесің ба?» атты ойын-викторина өтті және ол қалалық №40 автобус ішінде өткізілді. Мерекеге сай безендірілген автобуста темір жол вокзалынан бастап «Жансая» мөлтек ауданына дейін және кері қарай кітапханашылар облыс туралы және де сол маршруттың бойындағы қаланың тарихи орындары, көшелердің атын берген белгілі азаматтарымыз бен ескерткіштері туралы мәлімет беріп отырды. Пассажирлер сұрақтарға жауап бере отырып сыйлықтар алды және де үш сұраққа дұрыс жауап бергендірдің жол ақысын кітапханашылар сыйлық ретінде төледі. Автобус жүргізуші Тупицын Александр осы іс-шараның өтуіне өзінің белсенділігін танытып, көмек берді.
31 қазан күні осы апталықтың қортындысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алаңында, кітапхана ішінде өткізілді. Алаң іс-шараға лайықталып безендіріліп, көңілді әуен ойнап тұрды.
Бұл күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының есіктері сағат үштен бастап ашық болып, күні бойы жұмыста болатын адамдарға кітапханаға келу мүмкіндігін сыйлады. Іс шара барысында барлық қонақтар үшін қызықты мәдени бағдарлама дайындалды. Сонымен қатар бұл шараға облыс орталығына жақын жатқан Жуалы, Байзақ аудандық балалар кітапханасы қатысып, өздері дайындап әкелген іс-шараларын көрсетті.
Іс-шараны Жамбыл облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы ашып беріп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Акция ары қарай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастырған «Қамажай» флешмобы мен «Кітапхана гимні» ашу салтанатын жалғады.
Келген қонақтарға арналған кешкі кітапханада өткен «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» бағдарламасы 5 алаңнан тұрды. 1 алаң «Ақындарымыз бізде қонақта» - бұл алаңда Байзақ аудандық балалар кітапханасы ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр мен жергілікті жас ақын Улихан Ақтотымен сазды-әуенді кездесу кешінде ақындардың шығармаларын тамашалап, жүрек жарды жыр шумақтарын тыңдай алды. 2 алаң «Жақсы адам жүр жаныңда» - бұл алаңда «Рысбаева и Ко» компаниясының директоры, кәсіпкер-ханым Рысбаева Сауле, саңырау және нашар еститін балаларға арналған түзету «Мейірім» мектеп – нтернатының директоры Назаралиева А.А, Облыстық ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директор орынбасары Серікбаев Нұрхат Тіріболсынұлымен кездесу-сұхбат өтті. 3 алаң «Ғажайып әлемі» - бұл алаң 2 бөлмеден тұрды: 1 бөлмеде «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері биссермен жұмыс істеудің шеберлік - кластар көрсетті. 2 бөлмеде «Тарих беттері сыр шертеді» деп аталды, ол жерде жас бүлдіршіндерге арналған кітапханамыздың «Жас талант» үйірмесінің мүшелері Төле би, Қазыбек би, Айтеке би, және де Хайдар Дулати бейнелерін сомдап театрландырған көріністер көрсетті. 4 алаң «Өлкеміз жас қылқалам шеберлерінің көзқарасымен» - бұл алаңда сурет салу шеберлік класын ұйымдастырып, үздік суретшілердің көрмесін жасалды. 5 алаң «PRO TARAZ» -өлкетанулық микс ойыны өткізіліп, кітап көрмелері, презентациялар ұсынылды.
Кітапхананың кітап сүйер қауымға – «Өткеніңді қадірле» атты «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан, облыс туралы және өлкеміздің ақын жазушыларының кітаптарынан ашық кітап көрмесінің тұсаукесері ұсынылды.
Ал, біздің кішкентай оқырмандар кітаптың тарихы мен шығарма кейіпкерлеріне арналған қызықты сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға қатысты, оларға да ертегішілер сиқырлы оқиғаларын дайындады. Кітапхана қызметкерлері балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, кішкентай оқырмандармен бірге ойын ойнап, билеп, көңілдерінен шықты.
Бүлдіршіндер секторы белсенді оқырмандармен бірлесіп ұйымдастырылған «Ғажайып әлемі» 3D, ұзын кітап, Панорама, дыбысты, аудио, видео т.б. әр-түрлі пішінді кітаптардан жасақталған кітап көрмесі балаларды ерекше шаттандырып, зор қуанышқа бөледі. Мұнда оларға - аламан, теңіз шошқасы, тасбақа, тотықұс пен сары шымшықты тамашалау мүмкіндігі туып, әртүрлі жануарлардың қызықты қылықтары мен мекен ететін ортасы туралы көркем безендірілген кітаптармен және журналдармен таныса алды.
Осы аталып өтілген барлық алаңдардың жүлделі болған қатысушылары алғыс хаттармен, ынталандыру сыйлықтарымен және де кітаптармен марапатталды.
Кітапхана түнін өткізуге қолдау көрсеткен – Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Тараз қаласы әкімдігіне, Облыстық кинобейнетехника дирекциясы, Облыстық филармония, Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне, Балаларды оқудан тыс жұмыстарға баулу /ЦВР/ мекемелеріне және осы іс-шараның өтуіне демеушілік көмек көрсеткен «Мәдениет міңбері» журналының бас редакторы Азамат Есалыға өз алғысымызды білдіреміз.
Облыстық мәдениет басқармасы, облыс, қала кітапханаларының қызметкерлері, қала тұрғындары, оқу ордаларының студенттері мен оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысқан кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Акция кітапханашылардың «Қамажай» флешмоб биімен «Библио-dance» би кешімен ұласты. Кеш соңында барлық қонақтарымыз түнгі аспанға арман шамдарын ұшырып, от шашулар шашылды.
«Кітапханадағы жаңа толқын» атты бұл шара оқырмандарымыздың өмірлерінде ұмытылмас, ғажайып әсер қалдырады деген ойдамыз.