Оқушыларды өз ана тілін қадірлеп, қастерлей білуге, әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасатынын ұғындыру мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.Ә.Расулованың Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып 22-қыркүйек Қазақстан тілдері күніне орай Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылды.
Тіл-ұлттың жаны. Ана тілі - халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы екендігін кітапханашы ашып айтып, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтті. Сайысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қонағы қарашай-балқар бірлестігінің төрайымы Өзгенова Лёля Ахматовна төрелік етті. Сайыста екі топ өздерінің алғыр, білімді екендерін көрсете білді. Оқырмандар тіл туралы өлең тақпақтарын айтты. Кітапхана директоры оқырмандарды Тіл мерекесімен құттықтап сайысқа қатысқан оқырмандарды марапаттады. «Тіл татулық тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.