Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының іс-шара ұйымдастырушысы З.Сабралиеваның ұйымдастыруымен №8 Төле би аттындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларымен «Мен және отбасым» атты әдеби – музыкалық кеш өткізілді. Кештің мақсаты балаларды отбасында бауырмалдыққа, қайырымдылыққа ,достық қарымқатынаста болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, адал
мейірімді болуға ынтымақты, ұйымшыл болуға тәрбиелеу мақсатында кеңінен айтылды. Оқушылар от басы туралы өлеңдерді және де от басы туралы жұмбақтар тақырыпқа сай әндерді нақышына келтіріп орындады.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптарына отбасы мерекесі туралы жалпы түсініктеме айтылды.Үйірме мүшелері«Ата»,«Әже», «Әке», «Ана»туралы өлеңдер оқыды. «Ана» әнін 4-сынып оқушысы Төреқұл Арайлым орындады. Кештің соңында «Жаса Қазақстан» әнін Доскумбаев Қасымхан және Қайырхан орындады.