2014 жылы Сайын Мұратбековтың "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жыл жазушысы атанды. Жалпы оқуға оның «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» повестері таңдалды. Абонемент секторының ұйымдастыруымен №24 гимназия орта мектебінің 9-сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары арасында «Жусан иісі» атты тақырыбынды ретро-премьера кітабы ұйымдастырылды.
Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты повесінде Ұлы Отан соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкері-Аян өзге балаларға ұқсамайтын күрделі тағдырына қарамастан маңайындағы достарына әркез өз қиялынан шыққан жаңа ертегілерді айтудан жалықпайды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған Сайын Мұратбековтың «У теплого родника» атты кітап көрмесіне шолу жасай отырып, кітапханашы балаларды С.Мұратбековтың басқа да кітаптарын оқуға шақырды.