Рәміздер - тәуелсіздік белгісі
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында №13 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен бірлесе отырып 4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Рәміздер-тәуелсіздік белгісі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын , қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері екені айтылды. Оқырмандарға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтылды.
Мемлекеттік рәміздер - әрбір азамат Қазақстанның ТУЫН; ЕЛТАҢБАСЫН; ӘНҰРАНЫН тұмардай қасиет тұтуы қажет. Қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет деп «Рәміздер – ел беделі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.