Елімізде жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балаларды әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін еске салатын күн. Балалардың түсінігіне «Дем алуға құқылы», «Білім алуға құқылы» екендігін қалыптастыру, балалардың санасына Халықаралық мерекеге байланысты «Балаларды қорғау күнінің» маңыздылығын сіңіру, шығармашылыққа және балаларды кітапханаға баулу мақсатында кітапханда 02.06.2014 жылы №13 мектептің жазғы лагердің 5-6 сынып оқушыларымен, ұстаздарымен «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шоу өтті
Балаларға арналған үлкен көңілді мерекелік шара жақсы тілектермен құттықтау сөзбен басталып, одан әрі тұрақты жас оқырмандардың «Балаларды қорғау керек бәрінен» атты жыр жолдары тыңдалды. «Ата мен баланың» әңгімесін тыңдаған балалар «бақыт деген не, қайда бақыт мекені, қалай оған жетеді?» деген сұрақтарға атасының терең кең мағыналы жауабын естіді. Ал балаларды халық ауыз әдебиетін меңгеру, халық мұрасын сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» сайысында балалар тапқырлықтары мен ой ұшқырлығын жүйріктігін көрсетіп берілген сұрақтарға жарыса жауап беріп, жұмбақтарды жүйелі шешіп, тәті сыйлықтарын алды. Кешке «өлеңді біздер айтпай кім айтады» – деп ортаға кітапханамыздағы өнерлі кітапханашымыз Мамырова Г. мен Жәдікбаева Г. балаларға әсем әндерін тарту етті.
Биылғы жылы Жамбыл облысындағы қоғамдық мәңге ие шаралар ретінде аймақтың Қазақстанның әкімшілік территориясы ретінде құрылуының 75 жылдығын атап өтеді. Осыған орай балалар туған өлкелеріне деген сүйпеншілік пен құрметтерін білдіретін Ұлы Жібек жолының бойындағы орта ғасырдан келе жатқан көне шаһарымыз туралы, өңіріміздің бай тарихын, оның жасампаз адамдарының тыныс-тіршілігі туралы, көне кесенелері жөнінде тарихи тұлғалары мен жануарлар
мен өсімдіктер әлемі және
спорт жетістіктері жөнінде, жалпы өлкеміз туралы сөзжұмбақты қызығушылықпен шешті. Одан әрі балалардан жылдамдық пен шапшаңдықты талап ететін «Батпақ» және «Көңілді эстафета» ойынын жүргізіп балалар шатыққа кенелді. Кеш соңындағы көңілді ойынмен қатар балалар тәтті балмұздақтан дәм татты. Ұрпағымызды жатқа жылатпай, қызды аялап, ұлды ұлықтап тәрбиелеу басты мақсатымыз екені рас.