Сайтта кім бар

Қазір 106 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486272
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
15
844
2928
9229
28220
1450339
1486272
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 23-07-2026 00:52:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың есімін құрметтеу, адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторында «Аспара»  мәнерлік өнер және бизнес колледжінің МК-13-1 топ білімгерлері мен топ жетекшісі Шинетова Жанар Шокпаровнаның қатысуымен «Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші» тақырыбында соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды. 

Ұлы Отан соғысына 69 жыл толуына орай, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ете отырып, сұрапыл жылдары қазақ халқының Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін ұлттық мақтанышпен айта алатынымызды, «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр атамыз Мүтәліп Ережепбаев оқырмандармен кездесіп, жеңіске жету үшін жүріп өткен жолдары туралы әңгімелеп берді. Сұрақтар қойылып көңілдеріне қонымды жауаптар алынды. «Аспара» колледжінің білімгерлері  патриоттық рухта өлең жолдарын оқып, әндер орындады. «Ұлы жеңіс-жасасын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңында кітапхана директоры М.Е.Ысқақ барша қауымды 9 –мамыр Жеңіс күнімен құттықтап, ардагер атамызға сый сияпат жасап, кешке қатысқан өнерлі білімгерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: