Балалар әдебиетінің классигі - К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» атты ертегісінің қойлымын балаларға көрсетіп, балаларды адалдыққа, мейірімділікке, кіші пейілділікке, адамгершілікке, адал достыққа тәрбиелеу. Кітап балалардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниесін оятатын рухани құрал екенін түсіндіру. Балаларды кітапты қастерлеп, ертегіні сүйіп оқып өсуге тәрбиелеу, және өз ой-өрістерін дамытуды түсіндіру. 2014 жылы Корней Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» атты ертегісіне 85 жыл толуына орай, кітапханада кішігірім ғана драма қойылымы қойылды. Ертегіде мейірімді дәрігер Айболит аңдардың бәріне қол үшін беріп, емдеп жазады. Оған ормандағы барлық аңдар, құстар, түлкі, доңыз, аю, қасқыр, қоян және т.б. аңдар келіп емделеді.
Айболит дәрігерге Африкадан хат келеді. Хатта аңдар ауырғаны туралы жазылған. Сөйтіп Айболит дәрігер Африкаға аттанады. Африкаға келіп барлық аңдарды, құстарды, емдеп жазып шығады. Ормандағы аң, құстар Айболит дәрігерге рахметің айтып шығарып салады. Рольде ойнағандар Төле би атындағы № 8 мектеп гимназиясының 3 «б,ә» сынып оқушылары. Балаларға жақсы тілек тілеу үшін небір ғажайып дүниелер тудырған ақынның қызықты шығармасын үйірме мүшелері өз нақышына келтіре сомдады. «Жас талант» драма және домбыра үйірмесінің мүшелері 18 оқушы қатысып өз өнерлерін ортаға салып, оқырмандардың көңілінен шыға білді. Ертегі балаларға ұнады және қызықты болды. «Балалар әдебиетінің классигіне» көрме көрсетіліп, шолу жасалды.