Юнесканың қолдауымен 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. 1996 жылдан аталып келе жатқан бұл мереке шын мәнінде әлем алдында кітап пен кітапхананың беделін көтеруде. Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтыру
мақсатында оқу залы №12 мектептің 5 сынып оқушылары арасында «Кітап беттерінің сиқыры» тақырыбында ойын-викторина өткізді. Толығырақ:
Бұл іс-шараның бас кейіпкері - кітап. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл. Оқушылар ең алдымен кітаптың, қағаздың шығу тарихымен таныса, одан әрі ақын-жазушыларының кітап туралы жазған сөздерін тыңдады.
Өткізілген іс-шарада оқушылар өздерінің білімділігін көрсете білді. Берілген тапсырмаларға, қойылған викториналық сүрақтарға, мақал-мәтелдерге, сөзжұмбақтарды шешуде өте жақсы жауап беріп белсене араласып отырды.
Кітапханашы «Кітап - асыл қазына» атты
кітап көрмесіне шолу жасап таныстырды.