электронды презентациясы өткізілді.
Презентациясының мақсаты: балаларды ертегі оқу арқылы кітап оқуға дағдыландыру. Білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы зор, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету; оқушыларды ертегі арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Кітапханашы балаларға 2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күні деп түсінік берді. Бұл күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын балалар дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай белгіленген, ал 1967 жылдан бастап аталып өтіледі деп айтылды.
Кітапханашы ертегілердің шығу тарихын, жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгіме қозғады. Балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенің түсіндіріп, «Кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екені айтылды. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, оқушылардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де қысқаша оқылып, талқыланды.