Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу мақсатында 7сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 13 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір біздің болашағымыз» тақырыбында білгірлер сайысы өтті.
Дүниежүзілік денсаулық күні Дүниежүзілік денсаулық ұйымының құрылған күнінен бастап аталып келеді. Аталған күн адамдарды өз өмірінде денсаулықтың маңыздылығы туралы түсінік беру үшін және бүкіл әлемде адам денсаулығы жақсаруы олар не істеулері қажет екендеріне сілтеме беру үшін өткізіледі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында : «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.
Осы бағдарламаға орай « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты білгірлер сайысында оқырмандар өз білімдерін, жүйріктіктерін көрсететін екі топқа бөлінді. Әр топ өздерін таныстырып өткен соң «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі өтті. «Дені саудың –жаны сау» атты кезеңде балаларға мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру болды. Одан кейін «ситуациялық жағдайлардан шығу» жолдарында өз біліктіліктерін де көрсете білді. «Білігіңе сенбе, біліміне сен!» жұмбақ шешу сайысынан соң «Егер де..-не болар еді? » дидактикалық ойынмен аяқтап кітапханашының кітап көрмесімен танысты.