Қазақ поэзиясы мен ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қос қаламгердің шығармашылық мұрасын насихаттау, олардың өмірі мен өнер жолын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсатында қазақтың көрнекті ақын-сазгерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ақын Шөмішбай Сариев пен компазитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай «Өлең мен ән – қос қанат» әдеби сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған, халық арасында кеңінен танымал «Өкінбе сен», «Сәлем саған, туған ел» сынды әндер орындалды. Сонымен қатар, «SMart» өнер мектебінің оқушылары өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Әдеби-сазды кештің қызықты бөлімдерінің бірі – көрермендер арасында авторлардың әнінен құралған караоке ойыны ойнатылды. Қатысушылар танымал әндерді бірге орындап, өздерінің әнге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Ән мен жырға ұласқан бұл сәттер кештің әсерлі әрі көңілді өтуіне ықпал етті. Кеш соңында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүйсекеевтің шығармалары, өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер қойылды. Оқырмандарға ақынның сырлы жырлары мен композитордың әуезді әндері жайында мағлұматтар беріліп, қос тұлғаның қазақ мәдениеті мен өнеріндегі орны кеңінен таныстырылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2526-2026-09-15.html#sigProGalleriae6df9cec1e






