Іс-шара барысында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, ұлттық мәдениеттің жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық қызметі, қазақтың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Қатысушыларға оның ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, қолөнерді дамытудағы еңбегі мен музей ісіне қосқан үлесі таныстырылды. Танымдық сағат барысында «Жәнібековті таны», «Тарихты білесің бе?», «Ұлттық мұра» атты интерактивті сұрақ-жауаптар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады.
Сонымен қатар Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен ақпараттық материалдар таныстырылып, қайраткердің ұлт тарихы мен мәдениетін дәріптеудегі өнегелі жолы насихатталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2522-2026-08-28.html#sigProGalleria58c3042fd7






