«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Жазғы саябақтағы кітап әлемі» кітапханалық шарасында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында танымдық-ойын-сауық алаңын ұйымдастырды.
Іс – шара барысында оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттайтын «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге көркем, балалар, әлемдік әдебиеттер, жергілікті ақындар шығармалары, комикстер мен ертегілер топтамасы қойылып, кітап инсталляциясы ұсынылды.
Балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Мақалды тап», «30 секундтық оқырман», «Кім жылдам?», «Кітапты тап», «Әріптерден сөз құрастыр» атты қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынады.
Заманауи технологиялар тоғысқан «IQ TOP» интерактивті алаңында жасанды интеллект арқылы әзірленген өнімдер, аудиокітаптар мен анимациялық ертегілер таныстырылды. Ал «Зерде» ойын алаңында балалардың логикалық ойлауын, зейінін және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған танымдық ойындар ұсынылды.
Кітап пен заманауи технологияны, танымдық ойындар мен шығармашылықты үйлестірген шара балаларға мазмұнды әрі қызықты орта қалыптастырып, кітап оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2521-2026-08-22.html#sigProGalleria4bed8ae135






