Сал серілер мен әнші-ақындар дәстүрін өзіндік өрнек-нақышпен жалғастырып өткен Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту. Ер жігіттің бір басына жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан Шолақтай жан-жақты өнер иесі болуға тәрбиелеу.
Оқушыларды өнерді бағалай білуге, талантты дарынды болуға шақыра «Атандым Балуан Шолақ бала күннен» отырып, жан-жақты қабілеттерін дамыту мақсатында №13 мектептің 6-7сынып оқушыларымен бірлесіп 17.03.2014 жылы Баймырзаұлы Балуан Шолақтың туғанына 150 толуына орай «Атандым Балуан Шолақ бала күннен» тақырыбында жұлдызды қазына өтті.
Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны- Баймырзаұлы Балуан Шолақтың туғанына 150 толуына орай жұлдызды қазынада кітапханшы оқырмандарды қызықты материалдармен өз кейіпкері туралы әңгімелер мен аңыздармен слайд арқылы да таныстырды. Ізденіс жолында 830 келі болатын кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған «Балуан Шолақтың рекордын жаңартқан жан бар ма?» дегендей қызықты оқиғалар сөз болды. Ал өнер қуып Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та шыққандығы мен үлкен жүректен, шын сезіммен шыққан ән мен қос ғашықтың басынан кешкен оқиғаларын балалар ықыласпен тыңдады. Балуан атамызға көрсетілген құрмет пен қошемет ретінде салынған ескерткіштер мен спорт сарайымен таныстырып, сондай-ақ сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы туралы жеке кітап болып шыққан басылымдарға шолу жасалынды.