23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітап оқимыз» атты либмоб жасалды. Либмоб –бұл кітап оқуды насихаттайтын флешмоб форматында мәдени іс-шара. Яғни адамдар бір уақытта қоғамдық жерде, саябақта, кітапханаларда, мектептерде жиналып, бірге кітап оқиды.
«Кітап оқимыз» либмоб барысында оқырмандарға жаңа келіп түскен әдеби кітаптар, балаларға арналған ертегілер және танымал авторлардың шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар кітапханашылар, бөлім бойынша мазмұнды шолу жасап балаларға кітаптардың ерекшілігін айтты
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2470-kitap-o-imyz-libmob.html#sigProGalleria265c88124c








