7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Мейірім» мектеп-интернатының 4-сынып оқушыларымен жас оқырмандарды әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру мақсатында «Денсаулық – өмір айнасы» тақырыбында эстафеталық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі орны туралы мағлұмат алып, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен айналысудың пайдасы жөнінде әңгіме өрбітілді. Сонымен қатар, түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалардың ептілігі, шапшаңдығы, ұйымшылдығы сынға түсті.
Балалар «Алғыр» және «Бәйге» топтарына бөлініп, әртүрлі қызықты эстафеталық жарыстарға белсене қатысты. Әр кезеңде оқушылар өздерінің жылдамдықтарын, тапқырлықтарын көрсетіп, топ намысын қорғауға тырысты. Эстафеталық ойын оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2450-15-04-2026-2.html#sigProGalleria2e86cffb65








