Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1422195
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
80
890
4311
2922
9312
1398393
1422195
Ваш IP: 216.73.216.244
Время на сервере: 17-04-2026 05:53:08

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Халықаралық балалар кітабы күні – балалар әдебиетіне деген сүйіспеншілікті арттыратын ерекше мереке. Бұл күн 1956 жылдан бері әлемге әйгілі дат жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтеді.

Осы айтулы күнге байланысты Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана – табысқа апарар жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың білімге құштарлығын ояту және кітап оқудың маңызын түсіндіру.

Көрме бірнеше бөлімнен тұрды: «Ертегілер еліне саяхат», «Бәрін білгім келеді», «Кітап – менің досым». Бұл бөлімдерде балаларға арналған көркем әдебиеттер, суретті ертегілер, панорамалық кітаптар, сондай-ақ жан-жануарлар мен табиғат туралы қызықты энциклопедиялар ұсынылды. Кітапханашылар әр бөлім бойынша мазмұнды шолу жасап, балаларға кітаптардың ерекшеліктерін таныстырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында кітапты күтіп ұстау ережелері түсіндіріліп, оқырмандарға кітапқа ұқыптылықпен қараудың маңызы айтылды. Балаларға арналған қызықты, шағын әрі танымдық кітапшалар да ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шара соңында көрме балаларды білім мен қиял әлеміне жетелеп, табысқа жетудің алғашқы қадамы – білім мен кітап екенін ойын түрінде жеткізді. Түрлі-түсті, мазмұны бай, интерактивті кітаптар арқылы оқырмандар ерекше әсер алып, кітап оқуға деген ынталары арта түсті.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2449-15-04-2026-1.html#sigProGalleria23cb974124
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz