Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия оқушыларына педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Білімнің жарық жұлдызы» атты интеллектуалды викторина өткізілді.
Іс-шара барысында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ағартушының балаларға арналған тілге жеңіл, ойы анық өлеңдері оқылып, мазмұны терең шығармалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен дайындалған анимациялық ролик көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Кеш аясында «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша сахналық көрініс қойылып, білім, адалдық және еңбекқорлық тақырыптарын арқау еткен туындылары арқылы тәрбиелік мәні зор ойлар жеткізілді.
Викторина бөлімінде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылып, лото тәсілімен сұрақ-жауап ұйымдастырылды, сондай-ақ тақырыптық сөзжұмбақтар шешілді. Бұл тапсырмалар қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға шолу жасалды. Көрме арқылы оқушылар ұлы ағартушының бай мұрасымен жақынырақ танысып, рухани азық алды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2446-14-01-2025-2.html#sigProGalleriaa0d119dce2








