Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1431193
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
120
314
1164
2294
1974
1412883
1431193
Ваш IP: 216.73.216.197
Время на сервере: 06-05-2026 07:08:54

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Халықаралық балалар кітабы күні 1956 жылдан бері әлемге әйгілі дат жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай жыл сайын аталып өтеді. Осы мерекеге орай Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Танымдық әрі әсерлі іс-шара оқырмандарға ерекше көңіл күй сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Іс-шараның ашылу салтанаты мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Smart oner mektebi» ЖШС-нің би және домбыра ансамблдерінің өнерімен басталды.

Кітапхана қызметкерлері балаларды ертегі кейіпкерлерінің бейнесінде қарсы алып, «Андерсен әлемі» атты әдеби саяхатқа жетеледі. Балалар секторының қызметкерлері түрлі қызықты ойындар, библиошар, комикстермен таныстыруды өткізсе, жасөспірімдер бөлімі «Гарри Потер және пәлсапа тас» шығармасы желісі бойынша көрініс ұйымдастырды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері балаларға арналған қызықты әрі тағылымы мол театрландырылған қойылым ұсынып, Андерсен ертегісі көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Қатысушылар түрлі танымдық ойындарға қатысып, өз білімдерін сынады. Кітаптар көрмесіне шолу жасалып, сенсорлық панель арқылы мультфильмдер көрсетілді және аудиокітаптар таныстырылды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz