Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын жастар – ел үміті» кітап керуені ұйымдастырылды.
Аталған шараға Әулиеата өңірінің жас ақындары – Оңғар Назерке, Абылай Ғалия, сонымен қатар Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері, «Шолахова А.А» ЖК-нің вокал үйірмесі, «Ару-Наз» ЖК-нің үірмелер студиясы мен Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушылары қатысты.
Кітап керуені «Мен қазақпын» әнінің композициясымен ашылып, кітап туралы қанатты сөздер айтылды. Өңіріміздің жас ақындары өз шығармашылықтарынан сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Төле би атындағы №8 гимназиясы оқырмандарының қатысуымен М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» қойылымы көрсетілді. Жастардың патриоттық сезімін оятатын «Қазақстан Отаным», «Көк бөрі» әндері шырқалып, «Ару-Наз» би ансамблі «Ерке сылқым» биін билеп, талантты өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Оқырмандар «Ойлан, тап!», «Сөзжұмбақ» ойындарынақатысып, сұрақтарға жауап берді. Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері танымал ақындардың өлеңдерін оқыды.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды «Халық ауыз әдебиеті», «Қазақ ағартушылары», «Алаш арыстары», «ҰОС жазушылары, балалар әдебиеті» бөлімдерінен тұратын «Ғасырлар үні – қалам ізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2212-23-s-uir-ltty-kitap-k-ni-kitap-o-ityn-zhastar-el-miti-kitap-kerueni.html#sigProGalleriaaa77fb84df