Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1431372
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
299
314
1343
2294
2153
1412883
1431372
Ваш IP: 216.73.216.197
Время на сервере: 06-05-2026 18:31:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толды. Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, Отанды сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Дарын» лицей-интернатында «Ауған асуында от кешкендер» тарихи керуен өткізілді.

Кездесуге Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының мүшесі Сенбиев Нұрбақыт Оңланбекұлы және Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кіші сержанттары Медеров Нұрсултан мен Егібеков Нұрбақыт қатысты. Ардагер ағамыз қиындығы мен қасіреті мол соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларды қалай орындағаны, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы айтып, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Әскери қызметкерлер болса жас ұрпақтың жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Отанды қорғаумен азаматтық борышты орындау туралы әңгіме қозғады.

Кеш барысында жүректі тебірентер патриоттық әндер орындалып, «Өмірді қайта жалғандар», «Жауынгер хаты» өлеңдер оқылды. Оқырмандарға тақырыпқа сай жасақталған «Ауғанның отты жалыны» кітап көрмесі таныстырылды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2141-au-anny-asuynda-ot-keshkender-tarikhi-keruen.html#sigProGalleria58887d0c1e
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz