Сайтта кім бар

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1488290
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2033
844
4946
9229
30238
1450339
1488290
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 23-07-2026 13:03:29

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жазушының шығармаларын оқырмандарға кеңінен таныстыру, жас ұрпақтың классикалық және заманауи әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы, зерттеуші және қоғам қайраткері Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай портреттік кеш өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық университетінің филология ғалымдарының кандидаты, профессор Мендібай Абилов қатысты. Іс-шара барысында №67орта мектептің оқушылары хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларынан (XV–XVIII ғасырлар) үзінді оқыды. А.Макаренко атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары «Көк мұнар» атты шығармасынан монолог, Керімбай атындағы №12 мектеп- гимназиясы 5, 9 сынып оқушылары «Бір атаның балалары» атты повесінен көрініс көрсетті.

Кеште «Aru_dance_taraz» студиясының бишілері, «Қарақат» мектеп студиясының «ULYTAU» домбырашылары мен жетігеншілері өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңында Мұхтар Мағауин туралы деректі фильм көрсетіліп, «Түғыры биік ірі тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: