Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 127 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1291479
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
855
277
1936
3609
1132
1270704
1291479
Ваш IP: 216.73.216.138
Время на сервере: 02-07-2025 04:59:38

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Жамбыл облысының мақтанышы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, ақын Шырын Мамасерікованың 80 жас мерейтойына орай «Жасырғам жоқ ештеңе өлеңімнен...» әдеби кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ақын өзінің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары, айтыс өнерінде өткізген кездері мен еңбек жолдары жайлы сыр шертті. Кеш қонақтары әнші, Кенен Әзербаев атындағы облыстық филармонияның әртісі Оңал Азаматова әндерін, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы өлеңдерін арнады. Ал, Тараз инновациялық колледж білімгерлері және №13 балабақша, №23, №20 орта мектеп оқырмандары ардақты ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

Іс-шара соңында «Өзі жібек, өлеңі өткір ақын» кітап көрмесіне ұсынылған «Жыл құстары», «Бақыт», «Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян», «Елге деген махаббат», «Арман гүлі» кітаптары таныстырылды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz