Оқырмандардың ақпараттық-библиографиялық мәдениетін арттыру, кітапханадағы библиографиялық жұмыспен таныстыру және оларды насихаттау мақсатында №17 орта мектеп оқырмандарының қатысуымен «Библиография – барлық білімнің кілті» тақырыбында библиография күні өтті.
Іс-шараға қатысушылар «библиография» терминімен жақынырақ танысып, аталған ғылым, оның мағынасы, кітапханадағы атқаратын қызметі, каталог және оның түрлері, картотека, соның ішінде өлкетану және мерзімді басылымдар картотекасын пайдаланудың жолдарын үйренді.
Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық секторының жұмысымен, кітап қорымен, «WEB-RABIS» бағдарламасымен танысып, өздерінің көкейлеріндегі түрлі сауалдарға жауап алды.
Оқырмандарға викториналық сұрақтар қойылып, түрлі ойындар ойнатылды. Іс-шара тақырыбына байланысты жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2074-bibliografiya-barly-bilimni-kilti-bibliografiya-k-ni.html#sigProGalleria85666beb61