Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Біздің батыр бабалар», «Таңдалы ертегілер», «Патша шабарманы», «Робинзон Крузо», «Менің атым Қожа», «Атажұрт» және т.б көптеген кітаптар ұсынылды. Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1985-tyertyaertyert.html#sigProGalleriabbe07d038d