«Тәлімгер кемесі» бағдарламасы аясында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған «Әр адамға бастау беретін мамандық» әңгіме сұхбат ұйымдастырылды.
Шара барысында бағдарламаның мақсаты мен бағыты таныстырылып, «Манмандық таңдау үшін қандай қадам жасау қажет? Арман мен мамандықты ұштастыруға болады ма?» "Мен өз іс-әрекеттерім үшін жауаптымын» тақырыбында «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау орталығының психологы Марал Хантөреқызы тренинг өткізді.
Мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейтету мақсатында ұйымдастырылған «Мамандық таңдау-басты бағдарымыз» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаған әдістеме бөлімінің меңгерушісі Т. Кузенова «Елімізде қандай оқу орындары бар? Қандай кітаптарды оқу қажет?» деген сұраққа жауап берді.