Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына үміткерлер облыстық деңгейде бақтарын сынады.
Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру.
Байқауға іріктеуден өткен 9 үміткер додаға түсіп, қатысушылар ережеге сай дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, аталған шарада белсене қатысып отырды.
Шараны тамашалауға орта және жалпы білім беру орындарынан 30-ға жуық жас оқырмандар, жетекшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша IIIорынды Меркі ауданының балалар кітапханасының жас оқырманы Жаңғабай Фариза және Байзақ ауданынан Ғайпбай Мөлдір иеленсе, II орын Талас ауданы Мұхтар Гаухарға, I орын Жамбыл ауданының жас оқырманы Жамалбек Мерейге берілді.
Ал, Астана қаласында осы жылдың 27 наурызда өтетін ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына қатысуға жолдаманы Тараз қаласының Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының 7сынып оқушысы Әлімахамет Әдия алды.
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1842-ii-respublikaly-sh-k-rim-o-ulary-baj-auyny-oblysty-keze-i.html#sigProGalleriafcb3985ac7