Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы – алтын діңгек» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау «Отбасындағы бір күн»,«Білгенге маржан», «Дәм-думан», «Өнерлінің өрісі кең» кезеңдері бойынша өткізіліп, аталған байқауға Жамбыл ауданынан – Амзеевтер, Сарысу аданынан – Ақтан, Талас ауданынан – Жұмабаевтар, Тараз қаласынан – Құрманәлі отбасылары қатысты.
Байқауға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы – Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, кітапхана ардагері, зейнеткер – Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Жамбыл телерадиосының журналисті – Бораш Лаура Әбдіқадырқызы қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласы, І-ші орынды Талас, ІІ-орынды Жамбыл, ІІІ-орынды Сарысу аудандары иеленді.
Қатысушы отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1730-otbasy-altyn-di-gek-oblysty-baj-au.html#sigProGalleria1f8c4c83ed