Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1559469
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
265
1814
5304
12310
12866
1519181
1559469
Ваш IP: 216.73.217.174
Время на сервере: 08-10-2026 08:25:49

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысының №10 хаттаманың 7.1 тармағына сәйкес кітапхана ұжымының қатысуымен «Жасөспірімдерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі жанұяның орны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру, бала отбасының негізгі ұйытқысы екендігін түсіндіру, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.

Кездесуге арнайы шақырылған Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы - Үкібасов Қайрат Исаұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы - Атамқұлов Батырбек Керімбайұлы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық, өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу, қол жұмсау мәселелерінің алдын алу туралы мысалдар келтіріп, полиция бөлімдерінде есепке алынған «қиын» топтағы жасөспірімдермен, «жайсыз» отбасылармен жеке профилактикалық жұмыстар жайлы, сондай-ақ, жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы жайлы ақпаратты жеткізді.

Кітапхана ұжымына отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бірнеше бейнебаян көрсетіліп, «Отбасы – ұлт құндылығы» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: